Республикалық М. Мақатаев оқулары жүлдегері М. Нұрлыман » "Жаменке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жаменке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық М. Мақатаев оқулары жүлдегері М. Нұрлыман
29
апрель
2017

Республикалық М. Мақатаев оқулары жүлдегері М. Нұрлыман

Республикалық М. Мақатаев оқулары жүлдегері М. Нұрлыман
Республикалық М. Мақатаев оқулары жүлдегері М. Нұрлыман

04.02.2017 жылы мектебіміздің мақтанышы 7 сынып оқушысы Нұрлыман Мәдина қазақ тілі – әдебиеті пәнінің мұғалімі К. Тоқтарбекованың жетекшілігімен Қайнар ауылында өткен аймақтық Мұқағали Мақатаев стипендиаты байқауына қатысып 3 орынға иеленіп аудандық Мұқағали Мақатаев стипендиатына жіберілді .
24.02.2017 жылы Кеген ауылындағы мәдениет үйінде өткен Мұқағали Мақатаев стипендиаты байқауына қатысып төмендегі турлардан сүрінбей өтті .
1 – тур
1. «Менің пірім - Мұқағали» ақынның бір өлеңін жатқа айту
2. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» айдарында Мұқағали Мақатаевқа арнаған төл туындысын оқу

2- тур
1. Жыр сайысы үй тапсырмасы ақынның 2 поэмасы берілген
1. Аққулар ұйықтағанда поэмасы
2. Райымбек Райымбек поэмасын жатқа айту
2.Өнер сайысы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне , мәтініне жазылған ән не би , күй орындау
3. «Өлеңмен өрілген ой» үміткерлер Мұқағали өлеңдерінен берілген тақырыптарға өлең ұйқасын құрайды . Өлең шумақтары бойынша тақырыптар мазмұнын аша білу керек . Көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады .
3- тур
Жорға 1 минутта 10 сұраққа жауап беру .
Міне осы турлардан сүрінбей өткен Мадина 1 орында қанжығасына байлап , Республикалық Мұқағали стипендиаты байқауына жіберілді .
17.03.2017 жылы Қарасаз ауылы мәдениет үйінде Республикалық Мұқағали стипендиаты байқауына қатысып бақ сынады . Мәдинаның бүркеншік аты «Сүйрік» болды . Мадина Қарасаз ауылында да өз білімін көрсете білді . Мәдина Білім басқармасының басшысы Л. Базарқұлованың «Алғыс хатымен» марапатталды . Мәдинаға «Қанатың талмай самғай бер! , Өнерің өрге жүзсін!» деген тілек білдіріміз.